Павлодар облысының барлық шалғай ауылдарына санитарлық көлік қашан пайда болады?

Павлодар облысының барлық шалғай ауылдарына санитарлық көлік қашан пайда болады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл санитарлық көлікті жаңартуға 5,3 миллиард теңге жұмсалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облыстық мәслихатының XVI кезекті сессиясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Бұйрашев мәлім етті.

– Биыл 511 түрлі медициналық жабдық, 40 автокөлік, оның ішінде 39-ы шалғайдағы ауылдар үшін сатып алынды,– деді Әнуар Бұйрашев. 

Оның сөзінше, санитарлық көлікпен жарақтандыру мәселесі 100 пайызға 2025 жылы жетеді. 

Сондай-ақ, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2024 жылы ауылдық елді мекендерде 30 медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, екі дәрігерлік амбулатория, бес фельдшерлік акушерлік пункт және 23 медициналық пункт салынады.