Павлодар облысының полициясы еріктілермен меморандум жасасты
Екі жақ өздерінің алдағы жасайтын жоспары мен ойларымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының полиция департаменті мен облыстың еріктілер мен қоғамдық топтар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Оларға «VITA» еріктілер жасағы , «14 Легион» іздестіру-гуманитарлық жасағы, «Қызыл Жарты Ай» қоғамы бірлестіктерінің, Креативті жастармен жұмыс жөніндегі орталықпен және креативті жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың, «Сердца Павлодара» қоғамдық қоры жатады.
Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, қоғам қайраткерлерімен есірткі заттарын тарату, қаңғыбас жануарлардың санын көбейту, заңмен тыйым салынған уақытта алкоголь өнімдерін сату, жоғалған адамдарды іздеу мәселелерін бірлесіп шешетін болады.
Іскерлік кездесу барысында екі тараптан жұмысты жақсарту бойынша түрлі идеялар мен ұсыныстар айтылды.
Фото: Павлодар облысының полиция департаменті