Павлодар облысының тұрғындары электродабылдың дауысын естиді

ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындарынан сабырлық сақтауды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
17 қыркүйек сағат 17:10-да оқу-жаттығулар өткізу шеңберінде электрдабылы арқылы дыбыстық сигнал беру көмегімен облыс тұрғындарын хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізеді.
Аталған дыбыстық сигнал тұрғындар үшін «Барлығының Назарына!» дегенді білдіреді. Аталған сигнал қосылған кезде тұрғындарға теле – радио қабылдағыштарды қосу және мүмкін болатын немесе туындаған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы, сондай-ақ басқа да маңызды ақпаратты тыңдау қажет.