Павлодар облысының тұрғындарымен әділет министрі кездеседі
Әділет министрі Азамат Есқараев 20 шілде күні Екібастұзға келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы әділет министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Құрметті Екібастұз қаласының және Павлодар облысының тұрғындары Әділет министрі Азамат Есқараев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. Жеке қабылдауға жазылу алдын ала жүргізіледі, - делінген хабарламада.
Тұрғындармен кездесу Екібастұз қаласында 20 шілдеде сағат 12.00-де «Естай атындағы балалар музыка мектебі» ғимаратында өтеді. Мекенжайы: Екібастұз қаласы, Әуезов көшесі, 55/1 үй.
Жеке қабылдауға жазылу 19-шілде күні сағат 12.00-ге дейін Павлодар облысы әділет департаментінің мына телефон нөмірлері: 32-62-70, 8-705-178-19-77 жүзеге асырылатын болады.