Павлодар облысының тумасы Энергетика министрлігі жанындағы комитетті басқарды
Ержан Ертаев ведомствоның Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Үкіметі ресми Telegram-каналының мәліметінше, тиісті қаулыға энергетика министрі қол қойды.
Ержан Ерболұлы 1985 жылы Павлодар облысы, Май ауданында дүниеге келген. 2008 және 2012 жылдары Павлодар Инновациялық Еуразия университетінде «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 2006 жылы Павлодар аудандық қазынашылық бөлімінде бастап, жеке құрылымдарда жұмыс істеген.
Еңбек өтілі:
- 2009 жылы – «Павлодар лифт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде электромеханик;
- 2009 жылдан 2013 жылға дейін – Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы, бас маманы;
- 2013 жылдан 2014 жылға дейін – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің бас сарапшысы;
- 2014 жылдан 2015 жылға дейін – ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басқарма басшысы;
- 2015-2018 жылдар аралығында – ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша аумақтық департаментінің басшысы;
- 2018 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың мамырына дейін – ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары;
- 2020 жылдың мамырынан 2021 жылдың сәуіріне дейін – Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы;
- 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың мамырына дейін – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы аппаратының басшысы;
- 2022 жылдың мамырынан 2023 жылдың қарашасына дейін – «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС Бас директоры;
- 2023 жылдың қарашасынан бастап – ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Вице-министр лауазымына Құдайберген Арымбек тағайындалды.