Павлодар облысының жанұялары «Мерейлі отбасы» байқауына қатыса алады

Байқау отбасының оң имиджін насихаттау болып табылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
15 мамырдан бастап «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы жарияланады. Конкурстың өткізу барысы үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде аудандық және қалалық комиссия конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған сәттен бастап 27 маусымға дейін алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырады, іріктеу жүргізіп, екі отбасын айқындайды. Кейін 30 маусымға дейін өз шешімдерін конкурстық құжаттармен облыстық комиссияларына жібереді.
Келесі кезеңде облыстық комиссиялары 15 шілдеге дейін ұсынылған құжаттарға қосымша тексеруді жүзеге асырып, іріктеу жүргізеді және бір жеңімпаз отбасын анықтайды. Ал 17 шілдеге дейін өз шешімдерін конкурстық құжаттармен ұйымдастыру комитетіне жолдайды.
Облыстық кезеңдердің марапаттау рәсімдері салтанатты түрде 15 тамызға дейін өткізіледі.
Үшінші кезеңде республикалық ұйымдастыру комитеті облыстық комиссиялардан құжаттарды алған сәттен бастап 31 шілдеге дейін жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар циклін дайындау үшін ұйымдастыру комитетіне материалдар жібереді.
Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі 12 қыркүйекте Отбасы күні қарсаңында диплом және мүсіншелер табыс етіле отырып, салтанатты түрде өтеді.
Ұсыным беру, қатысу жөнінде сұрақтар туындаған жағдайда қала, аудан ішкі саясат бөлімдеріне немесе ақпарат және қоғамдық даму басқармасына 32-20-99, 32-40-77, 8(747) 426-62-39 телефондар арқылы хабарласуға болады.
Байқау өткізу мақсаттары: қазақстандық отбасыларының оң тәжірибесін дамыту, қалыптастыру мен тарату, жас ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру үшін жағдай туғызу.