Павлодар облысының батыл арулары Халықаралық әйелдер күнімен құттықталды
ТЖД азаматтары әйелдерге видео көрініс пен концерт көрсетіп, алғашқы көктем гүлін табыстады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ТЖ департаментінің азаматтары мәжіліс залға азаматтық қорғау қызметінің нәзік жанды аруларын жинады.
ТЖ департаментінің бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашев – ТЖ қызметінің әйелдерін мерекелерімен шын жүректен құттықтады.
– Әйел әлемді мейірімді, жайлы және қуанышты етеді. Отбасылық ошақтың қамқоршысы бола отырып, отбасын туыстарын қамқорлықпен және сүйіспеншілікке бөлейді. Сонымен бірге әлемге жылулық сыйлай отырып, мейірімді, жанашыр, жұмсақ жан болып қала береді. Бұл алға ұмтылуға күш береді, – деді департамент бастығы.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен, жеке құрам бойынша басшы құрамның қызметкерлеріне арнайы шендер беріліп, алғыс хат және грамоталарымен марапатталды.
ТЖ Департамент бастығының және Павлодар облыс әкімінің атынан бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.