Павлодар облысының кітапханашылары біліктілігін арттырды

Облыста «Кәсіптік шеберлік мектебі» жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шарбақты және Успен аудандарынан 14 маман кітапхана ісі саласындағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша ақпарат алып, Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған мәдени саясатының тұжырымдамасының негізгі ережелерін қарастырды.
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың жетекші мамандары негізгі кітапханалық есеп құжаттарын толтыру бойынша шеберлік сабағын өткізді: оқырман бланкі, жұмыс күнделігі, кітапхана қорының жиынтық есебі кітабы және т.б.
Әріптестері библиографиялық шолуларды құрастыру және жүргізу, тақырыптық шараларды ұйымдастыру әдістерімен бөлісті, әлеуметтік желілерде кітапхана қызметін ілгерілету тетіктерін үйретті.