Қасым-Жомарт Тоқаев ASTANA VISION PAVLODAR клиникасына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев ASTANA VISION PAVLODAR клиникасына барды

Клиника ай сайын көз ауруына шалдыққан 1000-ға жуық науқасты қабылдайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы жергілікті тұрғындарға офтальмологиялық қызметтер көрсететін медицина мекемесінің жұмысымен танысты.

Президент диагностикалық-емханалық кешенін, стационар бөлімін, сондай-ақ лазер орталығы мен операциялық блокты аралап көрді.

Мекеме басшылығының айтуынша, клиника ай сайын көз ауруына шалдыққан 1000-ға жуық науқасты қабылдап, 200-ге тарта ота жасайды. Пациенттер ақылы түрде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында да диагностикадан өте алады.

Клиника қызметкерлерімен әңгімелесу барысында Президент өңірлерде осындай жоғары технологиялық арнаулы медицина мекемелерінің ашылуы өте маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы орталық ұжымының жауапты қызметіне табыс тіледі.

t.me/aqorda_resmi