Павлодар облысының қай орманшылықтарынан отындық ағаш сатып алуға болады?
@Pavlodarnews.kz тілшісі отын босату тәртібін еске салады.
«Ертіс орманы» резерватынан отындық ағашты сатып алу жұмыс күндері келесі орманшылықтарда рәсімделеді: Шалдай филиалының Шалдай, Садықащы, Степной, Заводской, Шошқалы, Первомай, Бауыртал, Галкин, ал Бесқарағай филиалының Бесқарағай, Майқарағай, Байымбет, Көктерек, Тайбағар, Көкжал, Маралды.
Отындық ағаштың бағасы 1 м3 – 3500 теңге.
Тұрғын орман өнімдерін сатып алу үшін дайындалған сүректің бар көлемі бойынша орманшымен келісу визасымен филиал директорының атына өтініш береді. Филиал директоры көрсетілген өнімді салыстырып тексеру және осы орманшылыққа жіберу үшін табиғат пайдалану инженері мен орманшыға клиенттің өтінішіне қарар жазады. Табиғат пайдалану инженері өз кезегінде өтініштің көшірмесімен адамды орман өнімдерін тиеу үшін аталған орманшылыққа жібереді. Орман шебері орман өнімдерін жөнелтуді және өлшеуді жүргізеді, орамды, көлік құралын және мемлекеттік қосымшамен, ағаш кесу билетінің нөмірі мен берілген күні жапсырма жазады. Оған тұрғын сәйкес орман өнімдерін босатуға наряд жазу үшін филиалдың табиғат пайдалану инженеріне жіберіледі.
Нарядты алғаннан кейін көрсетілген соманы төленіп, мекеменің кассасында орман өнімдерін босатуға арналған жүкқұжатты екі данадан беріледі. Орман өнімдерін босатуға арналған жүкқұжатты қолда бар үлгіге сәйкес, алдыңғы жағын кассир, ал екінші жағын орманшы толтырады. «Қазпошта» бөлімшесі бар орманшылықтарда жүкқұжат клиент белгіленген код бойынша бөлімшеге орман өнімі үшін төлем енгізгеннен кейін орманшыға беріледі.
Төлегеннен кейін адам орманшылыққа жүкқұжат толтыру және орманшыларға қол қою үшін жіберіледі.