Павлодар облысының үш қаласы мен бірқатар ауданда ТЖ режимі жарияланады

Жергілікті атқарушы органдар өңірдің бірқатар елді мекендерінде соққан дауылды желдің салдарынан келтірілген залалды бағалау бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, комиссиялар залал келтірілген орындарға барып, зардап шеккен азаматтардан өтініштер қабылдауда. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыстың үш қаласында және бірқатар аудандарында ТЖ режимі жарияланады. 20-30 маусым аралығында апаттың салдарын жою бойынша өтініштер қабылданады.
Павлодарда өтінімдер келесі телефон нөмірлері арқылы қабылданады: 109, 112, 32-36-92. Дауылдан зардап шеккен жеке үйлердің тұрғындары — азаматтардың жекелеген санаттары үшін 100 АЕК (393 200 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген.
Төлемді алу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
- ТЖБ анықтамасы (6 ай бойы жарамды);
- мүлікке құқық белгілейтін құжаттар;
- банктік шоттың болуы туралы хабарлама;
- жеке куәлік (көшірмесі және түпнұсқасы).
Құжаттарды тапсырып, қажетті кеңестерді келесі мекенжайлар бойынша алуға болады:
Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25 — Оpen Pavlodar фронт-кеңсесі, №3 үстел;
Ақсу қаласы – Пушкин көшесі, 70/2. Екібастұз қаласы – Энергетиктер көшесі, 62 тел: 34-77-04, 87757100291(WhatsApp);
Баянауыл ауданы – Баянауыл ауылы, Қ. Сәтбаев, 45. Азаматтарды қабылдау орталығы, тел: 87779393500, 87712168242, 87184091203;
Павлодар ауданы – Қайырбаев көшесі, 32., тел. 87051527967, 32-20-89;
Май ауданы - Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 34, 87473708518.