Железин ауданының мерейтойында ұлттық спорт түрлерінен дүбірлі додалар өтті

Железин ауданының мерейтойында ұлттық спорт түрлерінен дүбірлі додалар өтті

Қыз қуу ұлттық дәстүрлі ойыны да көрсеттілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Аудан орталығы – Железинка ауылында өткен мерекелік шаралар аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Аудандық мәдениет, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Айгүл Мұқушева атап өткендей, мерейтой құрметіне екі түрлі бәйге өткізілді. Біріншісі – ашық бәйге. Бұл сайысқа Астана, Семей, Шығыс Қазақстан, Май, Екібастұз, Ақсу, Ертіс, сондай-ақ Павлодар облысының өзге де аудандарынан келген шабандоздар қатысты. Қашықтығы – 18 шақырым. Жүлде қоры да қомақты болды: бірінші орынға – бір миллион теңге,екінші орынға – 700 мың теңге, үшінші орынға – 500 мың теңге.

– Сонымен қатар, тек аудан тұрғындарына арналған жабық бәйге де ұйымдастырылды. Онда шабандоздар сегіз шақырымдық қашықтықта бақ сынасты. Бірінші орынға – 700 мың теңге, ал екінші орынға – 500 мың теңге табысталды. Барлық жүлделер демеушілердің қолдауымен берілді, – деді Айгүл Мұқұшева.

Ашық бәйге жарысының жеңімпаздары, бірінші орынды ұттып алған, Семей қаласынан келген Көкпекты ауылының шабандозы Мансур ұттып алса, ал екінші орын иегері Шығыс Қазақстан облысының атынан шыққан Бексұлтан есімді шабандоз, ал үшінші орынды Ертіс ауданынан келген Жанат Ыхтияр қанжасына байлады. 

Ал жабық бәйге тоқталсақ, Береговый ауылының шабандозы Қаракесек есімді лақап атымен танымал шабандоз ұтты, ал екінші орынды Әмір Серік есімді жас шабандоз, ал үшінші орынды Ыхтияр есімді шабандоз ұттып алды. 

Мерекелік бәйгеде алғаш рет додаға қосылған жас шабандоз Валентин, Қаракесек атты атпен жарысқан ерекше көзге түсті. Оның жаттықтырушысы Азамат Серікбаев шәкіртін екі жыл бойы дайындағанын айтты:

– Шабандозымыз небәрі 12 жаста. Екі жыл үйретіп, биыл алғаш рет бәйгеге қосып отырмыз. Күніне үш сағат жаттығамыз. Аттың да, шабандоздың да дайындығы мықты болу керек. Бүгінгі жарыста еңбегіміздің жемісін көріп отырмыз, – дейді ол.

Железин ауданының мерейтойында өткен тағы бір айтулы сайыс – түйе палуандар бәсекесі болды. Бас төреші Кәмшат Еркін айтуынша, жарысқа 11 спортшы қатысты.

Жарысқа Абай облысы, Қостанай, Астана қаласы, Павлодар өңірінің аудандарынан келген мықтылармен бірге Моңғолиядан арнайы келген спортшы да бақ сынады. 

– Бірінші орынды қанжығасына байлаған – Ерасыл Қажыбаев Абай облысы, Қазақстан Барысы-2024 жеңімпазы. Жүлде – 500 мың теңге және чемпион белдігі. Екінші орынды – Мұхтар Дәлелханұлы Баянауыл ауданынан келген,Қазақстан Барысының қола жүлдегері, жүлде – 300 мың теңге. Ал үшінші орынды – Құдайберген Темірғали Шарбақты ауданы, жүлде – 200 мың теңге өз қоржынына байлады, – деді бас төреші. 

Жарыс аясында көрермендерге қазақтың ұлттық ойындары – қыз қуу, жамбы ату секілді көрсетілімдер ұсынылды. Бұл көріністер жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленді.

 Ат бәйгесі де, палуандар белдесуі де, ұлттық ойындар да – қазақ халқының рухани қазынасы екенін дәлелдеді. Бұл мерекелік додалар жас ұрпаққа өнеге болып, спортқа деген қызығушылықты арттыра түсті.

Фото: Есенжол Исабек