Павлодар облысында жұмысшы мамандық иелері жүлделер ұта алады

Павлодар облысында жұмысшы мамандық иелері жүлделер ұта алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар байқауда жетістікерімен бақ сынасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Еңбек батыры» облыстық байқауы «New vision team» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтеді. Қатысу үшін Павлодар облысында еңбек ететін, жұмысшы мамандығын меңгерген 35 жасқа дейінгі жас мамандар өз жетістіктерімен бөлісу керек.

20 маусымға дейін келесі құжаттарды nvt_kz@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет:

  • Қатысушының өтінім формасы;
  • Электронды портфолио, оның құрамында: қысқаша өмірбаян немесе түйіндеме, білім мен кәсіби даярлық туралы мәліметтер, соңғы бес жыл ішіндегі марапаттар (дипломдар, сертификаттар, Алғыс хаттар, еңбек нәтижелері мен орындалған жобалар туралы фотосуреттер мен сипаттамалар, жұмыс беруші мен тәлімгерлерден ұсыным хаттар);
  • Жұмыс орнынан және өндірістік үдерістен алынған фотосуреттер.

Байқау өз-өзін таныстыру форматында өтеді. Әр қатысушы ұзақтығы бес минутқа дейінгі жеке таныстырылым дайындап, байқау комиссиясы алдында өз кәсібін, жетістіктерін таныстыруы қажет.

Өз-өзін таныстыру кезінде келесі визуалды материалдарды қолдануға болады: ұзақтығы бір минутқа дейінгі бейнеролик және 10 слайдтан аспайтын презентация, ауызша түсіндірмемен қатар жүргізілуі тиіс.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады, сондай-ақ, негізгі жүлделерден бөлек «Еңбек өнертапқышы», «Қоғам жанашыры», «Кәсіби серпіліс» атты арнайы номинациялар беріледі. 

Бас жүлде иегерлері, I, II және III орындар алған қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.