«Pavlodar» Талдықорғанда нағыз триллер ұйымдастырды
Павлодарлық волейболшылар ерлер командалары арасындағы Ұлттық лиганың үшінші турын бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бірінші матчта Сергей Грибовтың шәкірттері бірден турнир кестесінде үшінші орында келе жатқан алаң қожайындары «Жетісумен» кездесті. Павлодарлықтар кестенің бесінші орнында келе жатты. «Pavlodar» алғашқы екі партияда сөзсіз жеңіске жетті – 25:16, 25:17.
Үшінші сет шешуші болуы мүмкін еді, бірақ ол павлодарлық волейболшылар үшін сәтсіз басталды. Шамасы, алаң иелері бастапқы шоктан шығып, есеп айырмасын тез арада 8:2-ге жеткізді. Нәтижесінде үшінші сетте 25:16 есебімен талдықорғандықтар жеңіске жетті.
Төртінші сет өте тартысты өтті. Павлодарлықтар сеттің соңына қарай қарсыласын қуып жетіп, өкінішке орай 23:25 есебімен жеңіліске ұшырады. Барлығы кездейсоқ шешілді: алаң иелерінің ойыншысы Илья Таволжанскийдің шабуылынан кейін доп жолай торға тиіп, бағытын өзгертіп, қабылдаушы Максим Мищенконы абыржытты. Партия бойынша есеп теңесті – 2:2.
Тай-брейкте «Жетісу» мықтырақ көрінгені жасырын емес. Осыған қарамастан «Pavlodar» ВК ойыншылары арыстандай айқасты. Әсіресе Максим Мищенко тырысып ойнады, көп ұпай әкелді. Дегенмен алаң иелерінің қорғанысын бұзып өту өте қиын болды. Ойынның екінші сағатының соңына қарай «Жетісу» үш матчболға ие болды, оның біріншісінде-ақ матч тағдыры шешілді: допты ойынға қосқан павлодарлықтардың жиырма жасар орталық қорғаушысы Әділжан Балтабаев допты қақпа торына бағыттады – 15:11.
Павлодарлықтар келесі кездесуін 24 қаңтар күні «Таразға» қарсы өткізеді. Матч 16.00-де басталады. Ойынды Қазақстан волейбол федерациясының ресми YouTube-арнасынан көруге болады.