«Павлодар-Водоканал» ЖШС мереке күндеріне жұмыс кестесін жариялады

«Павлодар-Водоканал» ЖШС мереке күндеріне жұмыс кестесін жариялады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Абоненттер су көрсеткіштерін чат-боттар мен телефон арқылы да тапсыра алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Компанияның мәліметінше, 21 наурыз күні абоненттік бөлім мен касса сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал 25 наурызда касса осы уақыт аралығында ғана қызмет көрсетеді.

21–25 наурыз аралығында су есептегіш көрсеткіштерін WhatsApp чат-боты (+7 747 806 9557), Telegram-дағы @pavlodarvodokanalbot арқылы немесе 66-10-10 нөмірі бойынша тапсыруға болады.

Кәсіпорын өкілдері есептегіш көрсеткіштері әр айдың 20-сынан бастап ай соңына дейін қабылданатынын еске салды.