«Павлодар-Водоканал» ЖШС-не қатысты тексеру жүргізілмек
Оған тексеріс кезінде анықталған бұзушылықтар себеп болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы тұрғын үй-инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдері «Павлодар-Водоканал» ЖШС сумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар жүргізген учаскелерді іріктеп, комиссиялық тексеру жүргізді. Соңғы уақытта төтенше жағдайлар туындаған су құбыры желілерінің учаскелері тексерілді.
— Тексеру барысында күрделі жөндеулерді орындауда кезіндегі сәйкессіздік фактілері анықталды. Мысалы, 2017 жылы күрделі жөндеуден өткен Торайғыров көшесі, 111 мекенжайында орналасқан инженерлік желі зерттелді. Зерттеу барысында тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету тозған күйдегі ескі су құбыры арқылы жүргізілетіні анықталды. 2017 жылы салынған инженерлік желі осы уақытқа дейін пайдалануға берілмеген, — деп хабарлады бөлімде.
Бұдан басқа, Малайсары батыр - Щедрин көшелері шекарасындағы Мүткенов көшесінде орналасқан су құбыры желісінде де осындай жағдай тіркелді. 2 сәуірде зақымдануға байланысты бірқатар көпқабатты және жеке үйлер 20 сағаттан астам сусыз қалды. Бұл учаскеде 2014 жылдан бастап тұтынушыларды қайта қосу жүргізілмеген.
Осыған байланысты бөліммен «Павлодар-Водоканал» ЖШС-не қатысты тексеру жүргізу үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне материалдар жолданды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram