Павлодар әкімі тұрғындардың мәселелеріне құлақ асты

Бұл туралы ол Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шаһар басшысы Хасар Хабылбеков Ткачев көшесі, 17 және Қамзин көшесі, 96 мекенжайларындағы үйлердің тұрғындарымен кездесіп, олардың өтініштерін тыңдады.
Әкімнің айтуынша, қазір 2026 жылға арналған абаттандыру жоспары жасақталып жатыр және қала тұрғындарының ұсыныстары қабылдануда.
– Ткачев көшесі, 17 мекенжайындағы аула жоспарға енгізіледі. Мұнда кешенді асфальттау жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға арналған автотұрақ жасалады. Қамзин көшесі, 96 мекенжайында мердігер ұйыммен бірлесе отырып қазандықты жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – деп жазды әкім әлеуметтік желіде.
Хасар Хабылбеков атап өткендей, тұрғын үй инспекциясы бөліміне тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы аясында қазандықты, ішкі инженерлік желілерді және шатырды ауыстыруға арналған жобалық-сметалық құжаттама дайындау тапсырылды. Жақын арада кәріз құбыры тазаланып, апта соңына дейін ағаштар кесіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram