Павлодардағы авиақалашықта болған өрттің мән-жайы белгілі болды

Павлодардағы авиақалашықта болған өрттің мән-жайы белгілі болды

Өрт шыққан үйден 7 адам өз бетінше эвакуацияланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін, яғни 28 тамыз күні сағат  17:52-де Павлодар қаласындағы авиақалашықтағы әуежай көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жеке меншік аумақта ағаш үй өртенді. Монша шатырының жартылай ағаш құрылымдары, ағаш қоршауы жанып, үйдің пластикалық терезелері жоғары температурадан еріп кетті, - делінген хабарламада.

Тілсіз жау жалпы алаңы 30 шаршы метр жерді шарпыған. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін үйден 7 адам өз бетінше эвакуацияланған. Оның 3-еуі бала. Жалын 18:29-да оқшауланып, 18:42-де жойылды. Өрттің себебі мен салдары және шығын көлемі анықталуда.

Еске сала кетейік, оқиға орнына 2 бірлік иехника мен 8 өрт сөндіруші жұмылдырылды.