Павлодарда құрылыс бөлімінің басшысы тағайындалды
Қала әкімінің өкімімен 2023 жылғы 3 шілдеден бастап Кәрімов Абай Мәжитұлы қалалық құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай Мәжитұлы 1960 жылы туған, жоғары білімі бар.
1987 жылы Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған филиалын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1978 жылы Май ауданы Ақшиман ауылында жұмысшы болып бастаған.
1987 жылдан 2020 жылға дейін мемлекеттік емес ұйымдарда әртүрлі лауазымдарды атқарды. Сондай-ақ Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарында коммуналдық шаруашылық, сәулет, құрылыс саласында әртүрлі лауазымдарда маман қызметінен бастап құрылыс бөлімінің басшысына дейін жұмыс істеді.
2020 жылдан 2023 жылға дейін Көктүбек ауылдық округінің әкімі, Май ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымында қызмет атқарды.
Мемлекеттік қызмет өтілі 18 жылдан асады.