Павлодарда қарсы жолаққа шыққан Түркия азаматы жазаланды
Ол жол жүру ережелерін бұзғанын білмеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сот залында Түркия азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сот отырысында «Lexus GS 300» маркалы көлік құралын басқарған жүргізуші А. екі жақты жолда келе жатып қарсы қозғалысқа арналған жолдың бағытына шығып кеткені анықталды.
– Сот отырысында А. әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы өз кінәсін ішінара мойындады және оның бұрылуға ниеті болғанын, жолдың қарама-қарсы қозғалысқа арналған жолдың үзік сызығына дейін жүріп өткенін және ешқандай кедергі болмағандықтан бұрылып, өз жолағына шыққанын көрсетті. Осы маневрмен жол жүру ережелерін бұзғанын білмеді. Істеген ісіне өкінеді, – дейді соттың баспасөз орталығында.
ӘҚБтК-і 596-бабы 3-бөлігінің санкциясы алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді.
– Сот қаулысымен А. әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған көлік құралдарын басқару құқығынан 6 ай мерзімге айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, – делінген хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.