Павлодарда Ертіс өзенінен ер адамның денесі табылды

Павлодарда Ертіс өзенінен ер адамның денесі табылды

Алдын ала болжам бойынша, ол көпірден құлап кеткен болуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Ертіс мұзында жатқан ер адам туралы түнгі сағат 00:00-де "112" пультіне хабарланған. Оның денесін автомобиль көпірінің астындағы қала тұрғындары байқаған.

- Сол жерде құтқарушылар өмір белгілері жоқ азиялық келбетті ер адамды тапты, - деп нақтылады ведомстводан.

Өлімнің себептері анықталуда.

Фото: Константин Шелков