Павлодарда қарсы жолаққа шыққан жүргізуші куәлігінен айырылды

Мұндай маневр барлығына қауіп төндіреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, үздіксіз қиылысу салдарынан апаттар жиі орын алып, салдарынан адамдар жарақаттанады. Заңнамада алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру қарастырылған. Бірақ кейбір жүргізушілерді мұндай бұзушылықтар тоқтатпайды.
– Малайсары батыр көшесіндегі ЖБО камераларымен төрт жолағы бар екі жақты қозғалыстағы жолда келе жатқан көлік жүргізушілері тіркелді, – дейді департаментте.
Құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың басынан бастап қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 146 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.