Павлодарда қайда жарық болмайды

Павлодарда қайда жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 маусым күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • Генерал Дүйсенов көшесі, 9 (Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті), 13 (Павлодар химия-механикалық колледжінің жатақханасы), 15 (№40 балабақша), 20, 22/1 («Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты);
  • Бектұров көшесі, 22 («Абылай» бизнес орталығы), 24 (Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша департаменті), 35/4 (әкімшілік ғимарат).