Павлодарда қайда жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 шілде күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Ген. Дүйсенов көшесі, 9 (Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті), 13 (ПХМК жатақханасы), 15 (№40 балабақшасы), 20, 22/1 («Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты);
- Ак. Бектұров көшесі, 22 («Абылай» бизнес орталығы), 24 (Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті), 35/4 (әкімшілік ғимарат);
- П. Васильев көшесі, 17 (№4 арнайы мектеп-интернаты);
- Желтоқсан көшесі, 256 (Актив ломбарды);
- Ак. Бектұров — Ломов — М. Жүсіп — П. Васильев көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.
Сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін:
- Минин көшесі, 38/1 («Мария» дүкені);
- Украинская көшесі, 39 (көлік жуу және автосервис), 39/1 («Майна-Вира.kz» компаниясы), 39/2 («Олимп» клиникалық диагностикалық зертханасы);
- Я. Геринг — Украинская — С. Нұрмағамбетов — Минин көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.
Сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін:
- Естай көшесінен Луначарский көшесіне дейінгі Абай көшесінің бойындағы тұрғын үйлер;
- Бұқар жырау көшесінен М. Жүсіп көшесіне дейінгі М. Исиналиев көшесі.