Павлодарда қайда жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қазан күні сағат 9:00-ден 17:00-дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Зеленстрой шағын ауданы;
- Ак. Шөкин көшесі, 24 («La roza» гүлдер дүкені, «Самир» дүкені, «Dana Bolatovna» сауықтыру орталығы, «Опиева Л.М.» нотариусы), 26 («Достық» мәдениет үйі);
- Ак. Сәтбаев көшесі, 247 («Болашақ» дүкені, «Гаухар» зергерлік салоны, «Wildberries» тауар беру пункті), 254.