Павлодарда қайда жарық болмайды
Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 маусым күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайларда электр қуаты сөндіріледі:
- Архангельская – Геринг – Деров – Щедрин көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.
9:00-ден 16:00-ге дейін:
- 4-ші, 7-ші, 8-ші Жаңаауыл көшелері бойындағы тұрғын үйлер.