Павлодарда «Қазақстан алюминийі» балаларға жаңа жылдық ертегілер әлемін сыйлады
Акционерлік қоғам кәсіпорындарында қызметкерлердің алты мыңға жуық баласы бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Крендель» мейрамханасында кішкентай қонақтарды алып сайқымазақ, көңілді музыка, әдемі шырша қарсы алды. Ерекше білім беру қажеттілігі бар 50-ге жуық балаға арналған мерекені «Қазақстан алюминийі» АҚ ұйымдастырды. Мерекелік шара барлық ертегі кейіпкерлердің басын қосты: Гермиона, Қасқыр, Ханшайым, Аяз ата, Періште, Ледибаг жаңа жылдық шытырман оқиғаның басты жұлдыздары болды.
Кішкентай қонақтар жарқын шырша ойыншығымен суретке түсті, пошташы Печкиннің билерін белсенді қолдады, интерактивті шыршаны безендірді, сонымен қатар сәлемдемелерді ашты. Олардың бірі ашық жатқан еді. Оның мазмұнын қалай көрмеуге болады! Содан кейін барлығын жеткізу үшін қорапты қайта жинады.
Ертеңгілік ерекше механиктер отрядының жауынгерлері – механикалық Фея және қарлы Құйын пайда болуымен одан да қызықты болды. Олар келер жылдың символы – Жылан бастаған вирустарды жоюға көмектесті. Келесі жылдың иесі балалар оны танымай қалғанына ренжіп, жеткізу қызметінің барлық QR кодтарын сиқырлап тастады.
Бірақ барлық ертегілерде сияқты, Аяз Ата мен Ақшақар пайда болған кезде жақсылық жеңіп, соңы бақытпен аяқталды. Олар балаларды құттықтап, келер жылда сәттілік, денсаулық, жаңа ғажайыптар тілеп, балаларды мерекелік тағамға шақырды.
Бір жарым жасар Пелагея үшін «Крендельдегі» мереке алғашқы жаңа жылдық ертеңгілік болды. Резиденция менеджері, қыздың анасы Виктория Кукпен бірге ол Ледибаг костюмін таңдады. Қызға киім ұнады, ол өзін айнадан қуана қарап, тамсанып жүрді
– Шырша жарқын болып шықты, көптеген әсер алдым, – деп бөлісті Виктория. – Біз Пелагеяны осындай мерекелердің қалай өтетінін көрсету үшін ертіп әкелдік. Ол сабырлы, бәрін қызығушылықпен қабылдады, тіпті биледі.
Ал тоғыз жасар Наргиз Әбікеева Джоан Роулингтің «Поттериана» басты кейіпкері Гермионаға айналды. Мектеп оқушысы Гарри Поттер костюмін кигісі келді, бірақ анасы оған Гермионаның кейпіне енуді ұсынды.
– Наргиздің шашы жирен болғандықтан Гарри Потер құрбысының костюмін алдық, қызымыз оған келісті, – дейді анасы Махаббат. – Ол бізде ашық және нәзік, достары оны жақсы көреді.
Сиқыршы туралы шығармалардың жанкүйері сурет салуды және билегенді ұнататыны белгілі болды, ал жаңа жылға Аяз Атадан бокс үшін керек-жарақтарын сұрады.
11 жасар Даяна Волченконың ұлттық қазақ костюмі жарасымды көрінді. Әр жаңа жылдық мерекеге ата-аналар қызға арналған костюмді мұқият ойластырады.
– Мен кәмпит, тәттілер күтемін. Тәтеме барғым келеді, көптен бері көрмеген едім, – деді Даяна. – Жаңа жылды біз дәстүрлі түрде үйде қарсы аламыз, содан кейін қонақтарға барамыз. Мен ән айтқанды жақсы көремін, трендтерді ұстанамын, сонымен қатар отбасындағы кішілерге сабақ жасауға көмектесемін.
14 жастағы Дархан Марат та Жаңа жылды күтуде, бірақ жасөспірім мерекенің ғажайыптарына онша сенбейді. Ол математиканы жақсы көреді, керемет санауды біледі.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар зауыт қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік жыл сайын өткізіледі. 70 баланың ата-аналары Павлодар алюминий зауытында, «Керегетас» әктас кенішінде – Майқайың кентінде орналасқан «Қазақстан Алюминийі» АҚ филиалында жұмыс істейді.
– Әр түрлі себептерге байланысты барлық балалар шыршаға қатыса алмады, – деді «Қазақстан Алюминийі» АҚ әлеуметтік жобалар жөніндегі менеджері Сұлтан Бейсенбаев. – Бірақ олардың ешқайсысы назардан тыс қалмайды. Балаларға дайындалған сыйлықтар үйлерге жеткізіледі.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған іс-шарада кішкентай қонақтар тәтті сыйлықтар мен ойыншықтарды сатып алуға сертификаттар алды.
Әлеуметтік бөлім жыл сайын мерекелік бағдарламаны алдын-ала дайындайды. Ұйымдастырушылар сценарийді балалардың ерекшеліктері мен олардың жасын ескере отырып ойластырады.
Қалған балалар үшін Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында үш күн ішінде алты шырша ұйымдастырылды. Оларға 1800-ге жуық қызметкер келеді.
Қызметкерлердің барлық балалары, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар, бұған дейін де жаңа жылдық сыйлықтар – тәттілер, мерч алған еді. Бұл – 5 730 бала. Сонымен қатар, компанияның әрбір қызметкері жаңа жылдық тәтті сыйлық алды.
Жарнамалық материал