Павлодарда қыз бала аттан құлады

Павлодарда қыз бала аттан құлады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккен жасөспірім түрлі жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға орнына 103 қызметі шақырылған. 20 сәуірде әуежай маңындағы атқорада 2011 жылы туған қыз бала аттан құлаған.

18 сәуір күні таңертең Павлодар қаласында Нұркин көшесінде көліктер соқтығысты, салдарынан 1985 жылы туған әйел мен оның 2024 жылы туған қызы зардап шекті. Қыз бала облыстық балалар ауруханасына, ал анасы №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. 

Екібастұзда Қонаев көшесінде екі көліктің соқтығысуы салдарынан зардап шеккен 62 жастағы ер адам тізе буыны сынып, қалалық ауруханаға жатқызылған. 

Шарбақты ауылында көліктер соқтығысып, 1973 және 1974 жылғы ер адамдар орташа ауыр жағдайда аудандық ауруханаға жеткізілді.

20 сәуірде Ақсу қаласының ауылдық округінен жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау түсті. Үштерек ауылына қарай жол жиегінде 1978 жылы туған ер адамды мотоциклші қағып кеткен. Миы шайқалып, аяғы сынған науқас қалалық ауруханаға жатқызылды.

Біз әрқашан қайғылы оқиғаларда жедел әрекет етіп, оқиға орнына қысқа мерзімде жетеміз, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая.  – ⁠Дегенмен, жол қозғалысына қатысушылар сақтық шараларын ұмытпауы тис. Жол қозғалысы ережелерін сақтау өмір мен денсаулыққа тікелей байланысты. Сондықтан әрқайсымыз өзіміздің және басқалардың қауіпсіздігі үшін жауаптымыз.  

Еске сала кетейік, Баянауыл ауданында жол-көлік оқиғасында төрт адам көз жұмды.