Павлодарда қыз жоғалып кетті

Павлодарда қыз жоғалып кетті
Фото: «Vita» іздестіру тобы

Үйден шығып кеткен бойжеткен қайта оралмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Vita» іздестіру тобының мәліметінше, сегізінші қаңтар күні Лесозавод шағын ауданының Грушевая көшесі, 1 мекенжайынан шыққан 21 жастағы қыз қайтып үйіне келмеген. Бойы – шамамен 150 сантиметр, дене пішімі арықша келген, қара шашты, қоңыр көзді. 

– Оның үстінде ұзын қара куртка, джинсы, қара бас киім қызғылтсары белгісі бар, сұр кеңжейде, қара угги аяқкиім болған, – дейді еріктілер. 

Айта кету керек, жоғалған қыздың мұрнында мең бар. 

Жоғалған қызды көргендер болса, 8(747) 615-55-63 нөміріне немесе 8(777) 334-82-01 нөміріне хабарласа алады.