Павлодарда үстел теннисінен ірі турнир өтті
Ойындар «Jenimpaz» кешенінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, облыс чемпионаты 2008-2009, 2010-2011, 2012 жылдары туған ер балалар мен қыздар арасында өтті.
Павлодар облысының спортшыларынан бөлек, біріншілікке Астана, Шымкент қалалары және Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарынан барлығы 200 адам қатысты. 25 ақпанда жарыс топтарда, ал 26 ақпанда спортшылар өздерінің санаттарында мықтыны анықтады.
2008-2009 жылғы ер балалар арасында павлодарлық Әлімжан Әбішев үздік шықты, 2010-2011 жылғылар арасында қарағандылық Асылхан Мағзұмбеков жеңіске жетті. 2012 және одан үлкендерден Абай облысынан келген Әкежан Ерланұлы бірінші орынға ие болды.
2008-2009 жылдары туған қыздарда Қарағандыдан келген Дарья Фу жеңімпаз атанды. 2010-2011 жылғыларда қостанайлық Аружан Төлебай, ал 2012 және одан үлкендерде астаналық Арайлым Сапабек жеңіске жетті.
Фото: Валерий Бугаев