Павлодарда үйлердің жартысы қысқа дайын емес
Көпқабатты үйлердің үштен бірінде ең төменгі көрсеткіштер байқалуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.
Павлодар үйлерінің 40 пайызы қыс мезгіліне дайын. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Ризабек Әшірбеков мәлімдеді.
– 1277 көпқабатты үйдің 517-де актілер бар. Оның ішінде 372 үй жылыту маусымына 80%-ға дайын, ал 388 үй 0-ден 50%-ға дейін дайын, – деді спикер.– Жеке секторда проблемалар бар, онда 89 үй ғана қыс мезгіліне дайын. Әр апта сайын ПИК қызметкерлері, қызмет көрсететін ұйымдар павлодарлықтармен үйлерін дайындау қажеттілігін түсіндіріп, әңгімелеседі.
Павел Плетуховтың сөзінше, меморандум бойынша бес жыл ішінде қалада 120 шақырым желі ауыстырылуы тиіс екенін хабарлады.
– Құбырлар 89 пайызға тозған. Осы деңгейде ұстау үшін жылына кем дегенде 17 шақырым жөнделуі керек. Жылу желілерінің тозуын төмендету үшін жылына 25 шақырымды ауыстыру қажет, – деді «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас инженерінің орынбасары Павел Плетухов.
Айта кетейік, қаланың төрт учаскесінде жылу желілері қайта құрылып жатыр. Жұмыстардың аяқталу мерзімі – 25 тамызға дейін. Барлығы кестеге сәйкес жүріп жатыр.
Фото: Константин Шелков