Павлодарда әйел адам көшедегі батырманы басып, аман қалды (ВИДЕО)

Павлодарда әйел адам көшедегі батырманы басып, аман қалды (ВИДЕО)
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жедел басқару орталығының операторына «SOS» батырмасынан бейне қоңырау түскен, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті кез келген төтенше жағдайда өңір тұрғындары полицияға хабарлауға және көмек сұрауға басқа мүмкіндік болмаған кезде «SOS» батырмасын пайдалана алатынын еске салады. 

–  Әйел адам танысымен жанжалдасып қалып, көмек сұрады. Келген полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, ер адамды полиция бөліміне жеткізді. Әйелдің өтініші бойынша ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды,  – дейді департаментте. 

Қала тұрғынының ұялы телефоны бұзылып қалған, жаңасын әлі сатып алмаған ол жанжалға тап болған. Абырой болғанда, «SOS» батырмасын көріп, пайдаланған. Тәртіп сақшылары бұл қоңырау бәлкім оны ауыр қылмыстан құтқарып қалғаны мүмкін екенін айтады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)