Павлодарлық музыканттар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
Байқауда әртүрлі жас санаттарындағы қатысушылар бақ сынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Омбы қаласында XVI Халықаралық «Алтын Сібір» байқауы өтті. Маңызды әрі мәдени оқиға әлемнің түкпір-түкпірінен шығармашыл адамдарды жинады. Байқау музыкалық білім беру дәстүрлерін сақтау мен дамытуға, сондай-ақ, дарынды орындаушыларды анықтап, қолдауға бағытталған.
Іс-шара дәстүр бойынша бірнеше номинация бойынша өтті. Ол мәдени және шығармашылық бағыттардың кең спектрін қамтиды. Оған вокал өнері, аспаптық музыка және хореография жатады.
Байқау қорытындысы бойынша павлодарлық баяншылар бірнеше жүлделі орындарға ие болды.
Павлодарлық дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының арнайы пәндер оқытушысы Анэль Шевчук бірінші орын алды, Иван Сидорин бірінші дәрежелі лауреат атанды, ал Қанат Смағұлов үшінші орынды иеленді, Әділжан Жақсылықов екінші орын алды. «Орыс халық аспаптары» бөлімінің студенттері Кирилл Мякота мен Ернұр Нөғербек бірінші орынды иеленді. Ал «Жігер» триосы күміс медаль мен кубок алып, музыкалық колледж жетістіктерінің қоржынын толықтырды.
XVI Халықаралық «Алтын Сібір» байқауына тек Ресейдің өкілдері ғана емес, әлемнің елдерінен музыканттар мен бишілер де қатысады. Аталмыш байқау жеңімпаздар үшін мансабын құрып, шыңдауға жол ашады.