Павлодарда әйел алаяқтардың ісін әшкереледі
Оған терминал алдында тұрған зейнеткердің әрекеті күмәнді көрінген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қаладағы сауда орталықтарының бірінде егде жастағы әйел банкомат арқылы 1,5 миллион теңге аудармақ болған. Полиция қызметкері Сәуле Сакиянова оның өзін күмәнді ұстағанын байқаған. Оған қарт әйел біреудің нұсқауымен әрекет етіп жатқандай көрінген. Алаяқтық болуы мүмкін екенін сезген тәртіп сақшысы оның әрекетін тоқтатып, өзін алдап жатқанын түсіндіруге тырысқан.
Алаяқтардың психологиялық қысымына байланысты зейнеткер бірден байланысқа түсуден бас тартқан. Алайда Сәуле табандылық танытып, оны ертіп жүріп, ақша аударымын толық аяқтатпай және болған жағдай туралы бірден бірден «102» арнасына хабарлаған.
Полицейлер белгісіз адамдардың зейнеткерге қоңырау шалып, терминал арқылы оның ақшасын иемденбек болғанын анықтады. Әйелге кең таралған алаяқтық схемалары түсіндірілді. Оңтүстік полиция бөлімінің ақпараттандыру және байланыс басқармасының технигі Сәуле Сакиянованың қырағылығының арқасында зейнеткер өз қаражатын сақтап қалды.