Павлодарда әйел полицейлер 8 наурыз қарсаңында марапатталды

Павлодарда әйел полицейлер 8 наурыз қарсаңында марапатталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полиция департаментінде өткен салтанатты шарада 100-ден астам қызметкер көтермеленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыстық полиция департаментінде әйел полицейлерге арналған мерекелік іс-шара өтті. Департамент басшылығы мен жеке құрамы құқық қорғау органдарында қызмет етіп жүрген нәзік жандыларды мерекемен құттықтады.

Департамент бастығының орынбасары Жандос Орынбаев әйелдерді көктем мерекесімен құттықтап, олардың отбасының берекесін сақтай отырып, ер азаматтармен қатар құқық қорғау жүйесінде абыроймен қызмет атқарып жүргенін атап өтті. Ол әйел қызметкерлерге адал еңбегі мен жауапкершілігі үшін алғыс білдіріп, бақыт, табыс және қызметте жетістіктер тіледі.

Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің құттықтау жеделхаты оқылып, бірқатар қызметкер марапатталды. Кезекті арнайы атақ – «полиция подполковнигі» Юлия Карцанова мен Бахытгүл Сайтқалиеваға табысталды.

Сонымен қатар, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін» медалімен Әлия Ниязова мен Анар Қоңқаева марапатталды. ІІМ грамотасымен Альмира Қасқабаева, Әлия Мерканова және Шынар Арыстанова, ал «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен Сауле Айтбаева, Әсемгүл Абдығалиева және Алмагүл Увалиева марапатқа ие болды.

ІІМ грамотасына Мадина Балтабай мен Мейрамгүл Тоқпанова ие болды, ал Алмагүл Кәрімқұлова мен Мөлдір Мақажановаға алғыс жарияланды. Сондай-ақ полицей-кинолог Ермұхановтың анасы Меруерт Көшербайқызы ұлын тәрбиелегені үшін Ішкі істер министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Тәртіп сақшылары қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полицейлердің туған-туыстарына да құрмет білдіріп, гүл шоқтарын табыстады.

Мерекелік шара аясында әйелдер арасында лотерея ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ кезекшілікте жүрген қызметкерлер де назардан тыс қалмады.

Департамент бастығының бұйрығымен мереке қарсаңында 100-ден астам әйел полицей көтермеленді. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушыларға жылы лебіздер айтылды.