Павлодарда өрт қауіпсіздігін сақтамаған тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды
Тілсіз жау «Энтузиаст» бау-бақшасынан шыққан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
– 11 мамыр күні түнде сағат 23:07-де Павлодар қаласындағы «Энтузиаст» бау-бақша серіктестігінде өрт шыққаны туралы 101 қызметінің пультіне хабарлама түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жеке тұрғын үйдің 80 шаршы метр аумақтағы ағаш шатыр құрылымдары мен үйге жапсарлас салынған моншаның 5 шаршы метр аумағының ағаш шатыр құрылымдарын сөндіруге кірісті, - делінген хабарламада.
Құтқарушылар келгенге дейін 5 адам, оның ішінде 2 бала өздігінен эвакуацияланды.
Жалын сағат 00:22-де толық ауыздықталды.
Үй иесі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.