Павлодарда 10 қыркүйекте қай жерлерде су болмайды

Павлодарда 10 қыркүйекте қай жерлерде су болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қаланың бірнеше бөлігінде су құбырларын жөндеу және ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметінше, 10 қыркүйек күні Торайғыров көшесі, 79 мекенжайында су құбырын ауыстыру, сондай-ақ «АК» АҚ ауданындағы су құбырында жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Осыған байланысты сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін келесі мекенжайларда сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады:

  • Торайғыров көшесі, 79, 79/1, 81;
  • Мәшһүр Жүсіп көшесі, 3, 7;
  • Едіге би көшесі, 80, 82, 82/1.

Сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін:

  • Ломов көшесі, 184 («Транскарго»), 184/1, 185/5 («Дорстрой»);
  • Жібек жолы көшесі, 1/1 («Гелиос» жанармай құю станциясы).

Кәсіпорын тұрғындардан қажетті су қорын алдын ала жинап алуды сұрады.