«ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясында маңызды жабдық күрделі жөндеуден өтті
Ескірген жабдықты түгел ауыстыруды көздейтін ауқымды жұмыс былтыр сәуір айында басталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Ақсу электр станциясындағы №3 вагонаударғыш қайта құрылып, іске қосылды. Жобаны іске асыруға компания 3,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.
Қайта құру – ең алдымен, жабдықтың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған бірқатар жаңартуларға жол ашты. Олардың бірі – №5 энергоблокта ТПБАЖ қолданатын Ovation сияқты технологиялық үдерісті басқарудың автоматты жүйесін енгізу.
– Бұл жүйенің ерекшелігі – егжей-тегжейлі деректері көрнекі етіп көрсететін, басқарудың жеңілдетілген түрі бар қашықтықтан басқару пульттің болуы. Сонымен қатар, ол таспалы қоректендіргіштер мен конвейердің жылдамдығын, өнімділігін өзгертуге мүмкіндік беретін жиілік түрлендіргіштерін реттейді. Жүйе қорғаныс пен жұмыс процесіне мониторинг жүргізуге, жабдықтың жұмыс жағдайын қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді, – деді жоба жетекшісі Ануар Идрисов.
Қайта құрастыру аясында енгізілетін ротордағы және оның таспалы қоректендіргіштердегі көмір шаңын вакуумдық тазалау жүйесі вагонаударғыштың ротор алаңында қол еңбегін азайтуға бағытталған. Чехияда өндірілген сүзгілерімен жабдықталған, қуаты сағатына 125 000 м3 жаңадан орнатылған аспирациялық қондырғы вагонаударғыш машинисі мен вагондарды тексерушінің еңбек жағдайларын айтарлықтай жақсартуы тиіс. Ол жұмыс орындарында зиянды заттар шығарындыларының шекті рұқсат етілген концентрациясын төмендетеді.
Энергетиктер биыл №1 вагонаударғышта, ал 2025 жылы №4 вагон аударғышта осындай аспирациялық қондырғылар орнатуды жоспарлап отыр.
Күрделі құрылыс жөніндегі вице-президент Юрий Педченконың айтуынша, вагонаударғыш 1976 жылы пайдалануға берілген. Оның қуаты – сағатына 1400 тонна көмір. Осы №3 вагонаударғыштың қызмет етуі орташа және күрделі жөндеулер арқылы қамтамасыз етілген. Алайда жабдықты ауыстыру қажеттілігі туралы шешім қабылданды. «ЕЭК» АҚ бұл іске қатысты келісімшартты украиналық жабдық өндірушімен бірнеше жыл бұрын жасасқан, сол себепті оның жеткізілу мәселесінде еш қиындық туған жоқ.
Айта кетейік, жабдықты Ақсу электр станциясында жұмыс істеп тұрған өзге де жабдықтарды жасаған «Днепротяжмаш» ААҚ дайындады. Сонымен қатар бұл өндіруші үш ұсақтағыш-фрезерлік машиналар мен таспалы қоректендіргіштерді жеткізді.
Қазір Ақсу электр станциясында №1, 4 екі вагонаударғыш қалыпты жұмыс істеп тұр. №2 вагонаударғыш ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында бөлшектелген еді. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған екі вагонаударғышта да: 2010 жылы – №1 вагонаударғыш және 2005 жылы – №4 вагонаударғыш та ауқымды қайта құрастыру жұмыстарынан өтті.
Фото: «ЕЭК» АҚ корпоративтік коммуникациялар қызметі ұсынды.