Екібастұзда екі автобус қозғалыс бағытын өзгертеді

Бір көше жабылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екібастұз қаласының ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі кәріз желілеріндегі жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Қонаев көшесінен Әлия Молдағұлова көшесіне дейін Космонавтор көшесі көлік қозғалысы үшін уақытша толық жабылатынын мәлім етті.
Сондықтан №3 және 33 маршруттар Бауыржан Момышұлы көшесімен жүрген кезде С.Торайғыров көшесіне шығады, одан әрі схема бойынша жүреді.
Жұмыс аяқталғаннан кейін маршруттардың қозғалысы бұрынғы режимде қайта басталады. Бөлім мамандары қала тұрғындарынан қозғалыс схемасының өзгеруіне байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.