Павлодарда 10 жасар бала жоғалып кетті

Павлодарда 10 жасар бала жоғалып кетті

Жеткіншекті іздеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Vita еріктілерінің айтуынша, Евгений Куликов 21 тамыз күні сағат шамамен 09.30-да Екінші Павлодарда Мойылды көшесінде орналасқан үйінен шығып кеткен.

– Оның қай жаққа қарай кеткені белгісіз. Сол күйі үйге оралмады. Бойы – 140 см, көздері қоңыр, шашы ақшыл, дене бітімі жұқаша келген.  Сары толстовка, қара қысқа шалбар, қара аяқ киім киген, – дейді еріктілер. 

Еріктілер баланы көрген  жандар немесе қайда жүргені туралы бір ақпарат болса, 8 747 615 55 63 (Катерина), 8 777 334 82 01 (Светлана) вацап нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.