Павлодарда информатика және бағдарламалау бойынша олимпиада өтеді

Олимпиадаға өңірдің 8-11 сынып оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Олимпиада 29 наурызға Инновациялық Еуразия университетінде (ИнЕУ) жоспарланған.
Аталмыш дода жеке түрде өтеді және екі бағыт бойынша ұйымдастырылады:
- Бағдарламалау – екі деңгейде: Junior: Pascal, Python, C++; Professional: Pascal, Python, C++, Object Pascal (Delphi), C#
- Кеңсе жүйелері – MS Word және MS Excel бағдарламаларымен жұмыс істеу тапсырмалары
Әр бағыт бойынша үш жүлделі орын беріледі. Жеңімпаздарға сыйлықтар мен грамоталар табысталады, ал барлық белсенді қатысушылар марапатталады.
Марапаттау рәсімі: 7 сәуір күні сағат 12:00 өтеді.
«Кеңсе жүйелері» бағыты бойынша жарысқа қатысуға «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының 3 және 4-курс студенттеріне рұқсат етілмейді;
- әр қатысушы тіркеу парағын толтырады, онда аты-жөні, тобы және жұмыс орнының (ДК) нөмірі көрсетіледі;
- барлық жұмыстар біріздендірілген, яғни тек ДК нөмірі және тапсырма нөмірі көрсетіледі. Олимпиада аяқталған соң, жұмыстар компьютерде сақталып, қазылар алқасы қатысушылардың аты-жөнін білмей тексереді;
- олимпиада барысында қатысушылар тек компьютерде орнатылған бағдарламалық жасақтаманы пайдалана алады. Компьютерлер арасындағы жергілікті желі ажыратылады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 17 наурызға дейін. Өтінімдер olimpiada_ineu@mail.ru электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
Өтінімде елді мекенді, басшының аты-жөнін, лауазымын, біліктілігін, электронды поштасын, қатысушының аты-жөнін, сыныбы немесе тобы және қатысатын бағытын көрсету қажет.
Олимпиаданың өтетін орны: Ломов көшесі, 45, ИнЕУ 1-корпусы. Уақыты: 10:00-13:00