Павлодарда 13 азамат әскерге аттанады
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына салтанатты түрде шығарып салу өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Әскерге бару – азаматтық парызым» атты іс-шара Әскери даңқ мұражайы бөлімшесінің ұйымдастыруымен өтеді.
Кеш толеранттылыққа, жастардың бойында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге және бейбітшілікті, ұлттық келісімді қалыптастыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының Қарулы күштері – мемлекеттің тәуелсіздігін ықтимал сыртқы қарсыластардан қорғауға арналған әскери ұйым.
Отандық Қарулы Күштер үш бөлімшеден тұрады: құрлық әскерлері, әуе қорғанысы күштері, әскери-теңіз күштері.
Жиында Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының басшысы Арман Алиакпаров, Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі ДДҰ тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының инспекторы Жан Каратаев, «Аналардың жүрегі сарбаздарының аналары комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Лилия Хайруллина сөз сөйлейді.
Айта кетейік, әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу дәстүрге айналды. Себебі – Қазақстан армиясында қызмет ету беделді әрі зор құрметке ие.