Павлодарда 25 наурызда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Құс фабрикалары 72 мың дана жұмыртқа жеткізеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жәрмеңкеге Тереңкөл, Павлодар, Аққулы аудандары мен Павлодар қаласына қарасты ауылдық аймақтардың тауар өндірушілері қатысады.
– Ұсынылатын өнімдердің ассортиментінде еттің барлық түрі, шикі сүт, жұмыртқа, картоп, сәбіз, көкөністер, сүт өнімдері, өсімдік майы, бал және басқа да өнімдер бар. Шикі сүтті «Галицкое» ЖШС, «Карандашов» ЖК сүт тасымалдаушылары қамтамасыз етіледі. Ал «Павлодар-Құс» ЖШС, «Шарбақты-Құс» ЖШС жергілікті құс фабрикалары 36 мың дана жұмыртқамен қамтамасыз етеді, – делінген хабарламада.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы:
жылқы еті – 2300-2500 теңге/кг (қазы - 2500 теңге/кг, жая - 2500 теңге/кг, төс еті -2300 теңге/кг, антрекот - 2300 теңге/кг);
сиыр еті -1900-2100 теңге/кг (жұмсақ еті – 2100 теңге/кг, антрекот -1900 теңге/кг, қабырғалар - 1700 теңге/кг, төс еті-1900 теңге/кг);
қой еті-1900-2100 теңге/кг (алдыңғы бөлігі - 1900 теңге/кг, артқы бөлігі - 2100 теңге/кг),
шикі сүт - литріне 190 теңге;
бірінші санаттағы жұмыртқа - 410-450 теңге/оннан бастап;
бал - 2000 теңге/кг;
тазартылмаған күнбағыс майы -700-780 теңге/л;
жоғары сұрыпты ұн -200 теңге/кг;
картоп, сәбіз -95 теңге/ кг;
қырыққабат - 120 теңге/кг.
Естеріңізге сала кетейік, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетін күндері сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін фермерлер базарына дейін № 1, 6, 7, 18 трамвайлармен барып қайту тегін.