Павлодарда 50 келіден астам есірткі жойылды

Павлодарда 50 келіден астам есірткі жойылды
Фото:ПД баспасөз қызметінен

Зиянды заттар сот шешімінен кейін арнайы тәртіппен өртелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі

Павлодар облысында заңсыз айналымнан тәркіленген есірткі құралдары мен прекурсорлар арнайы тәртіппен залалсыздандырылды. Бұл заттар түрлі қылмыстық істер аясында тәркіленген. Құрылғыларды қауіпсіздік мақсатында жоюға бағытталған жұмыстар полиция қызметкерлері мен прокуратура өкілдерінің қатысуымен, сот шешімдері заңды күшіне енгеннен кейін жүргізілді.

Барлық заттай дәлелдемелер міндетті түрде тексеруден өтті. Олардың қатарында мөрленген қаптамалар, есірткі салынған конверттер, оларды дайындау мен тұтынуға арналған құралдар, сондай-ақ химиялық заттар мен прекурсорлар бар.

- Бұл заттар жедел-іздестіру іс-шаралары, жеке тінту және арнайы операциялар барысында тәркіленген. Жалпы 12 қылмыстық іс бойынша өсімдік және синтетика текті есірткінің 51 нысанын жарамсыз күйге келтірді. Барлығы қажетті сараптамалардан өтті. Жою жұмыстары сот шешімдері негізінде қатаң тәртіппен жүргізілді, - деді облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Арсен Айғазин.

Полиция облыс тұрғындарын есірткінің заңсыз айналымы туралы 102 нөміріне хабарлауға шақырады.

Аяужан Жетес.