Павлодарда алқабилер қылмыстық істерді жиі қарай бастады

Павлодарда алқабилер қылмыстық істерді жиі қарай бастады
Фото: Константин Шелков

Бұл сот жүйесінің институты 18 жылдан бері жұмыс істеуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Алқабилермен қарастырылған істердің саны артуы қылмыстық құрамының кеңеюмен байланысты. Өткен жылы облыстағы аудандық және қалалық соттарға 1529 қылмыстық іс түскен. Бұл - өткен жылға қарағанда, 18 пайызға артық. Сонымен қатар,1134 адамға қатысты үкім шығарылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұрат Солтыбаев мәлім етті.

— Соттарда нақты мерзімге сотталғандардың көбі - жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар. Сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымы, жеке адамға қарсы қылмыстар, жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған көлік қылмыстары, - деді Мұрат Солтыбаев.

Өткен жылы жемқорлық қылмысы үшін 29 адам сотталып, оның жартысы бас бостандығынан айырылды. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2023 жылы алқабилердің қатысуымен 12 іс қаралды. Бұл- 2022 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Биылдан бастап олардың қатысуымен рейдерлік, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан істер, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған немесе заңсыз аң аулау, жол қозғалысы ережелерін бұзу істерін қарастыруы мүмкін.

Алқабилер соты он адамнан тұрады. Олар психикалық денсаулық диспансерінде тіркелмеуі және 25 жастан үлкен болмауы керек. Тізімді әкімдік береді, үміткерлер кездейсоқ ақпараттық база арқылы беріледі. Сот жүйесінің мұндай институтына қатысудан бас тарту айыппұл мен әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Әсия Серікова