Павлодарда екі көшенің жолдары ішінара жабылды

Павлодарда екі көшенің жолдары ішінара жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары ертеңге дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, Н. Назарбаев даңғылы - Толстой көшесінің қиылысындағы жол жөндеуін жүргізуіне байланысты 27 қаңтар сағат 8:00-ге дейін Н. Назарбаев даңғылындағы жолдың батыс жағынан екі орта жол және Толстой көшесіндегі бір жолдың бөлігі ішінара жабық болады. 

Әкімдікте келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жүргізушілерден қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.