Павлодарда алаяқтар енді өздерін сот орындаушысы ретінде таныстыруда

Павлодарда алаяқтар енді өздерін сот орындаушысы ретінде таныстыруда
pexels.com

Арам ниеттілер әуелі облыс тұрғындарынан сауалнама деректерін сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының Әділет департаменті облыс тұрғындарының соңғы уақытта алаяқтардың өзін сот орындаушысы ретінде таныстырып, азаматтардың сауалнамалық деректерін және шұғыл түрде банк шоттарына ақша аударуды талап ететін оқиғалардың жиілеп кеткенін айтып, дабыл қағуда.

Осыған байланысты, облыстық әділет департаменті мемлекеттік және жеке сот орындаушылары атқару өндірісін орындау кезінде азаматтардың сауалнамалық және банктік деректерін сұратпайтынын хабарлайды!

- Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкерлерге қатысты барлық ақпаратты сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (aisoip.adilet.gov.kz) арқылы талап етедін - делінген хабарламада. 

Осыған байланысты, өзін сот орындаушысымын деп таныстырған тұлғалардан қоңыраулар келіп түскен жағдайда, Павлодар облысы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушылары туралы ақпаратты келесі нөмірлер бойынша нақтылауды сұрайды. Мұнда 8 (7182) 65-33-11, 8 (7182) 32-32-58, 8 708 466 715, 8 700 846 382, 119 және, Павлодар облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының жеке сот орындаушылары туралы: 8 (7182) 20-73-77 нөмірі бойынша хабарласуыңызға болады.