Павлодарда алимент бойынша берешегі бар борышкерлерге арналған жәрмеңке өтті
Онда жұмыссыз жүрген борышкерлер қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы жұмыспен қамту орталығының мәлімдеуінше, 15 ақпан күні Павлодар облысының аумағында алимент бойынша берешегі бар жұмысқа орналаспаған борышкерлер үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.
- Павлодар облысының жеке сот орындаушыларымен бірлесіп ұйымдастырылған шараға жұмысқа орналаспаған 48 борышкер қатысты. Жәрмеңкеде түрлі салалардан 40 астам жұмыс берушілерімен бос жұмыс орындары ұсынылды. Борышкерлерге бос орындарға жолдама берілді, - делінген хабарламада.
Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бері облыс бойынша 12 жұмыссыз борышкер жұмысқа орналасқан. Ал алимент бойынша берешекті өтеу есебіне 28 млн.теңгеден астам қарыз өндіріп алынды.
Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.