Павлодарда ардагер полицейлерді марапаттады
Лайықты демалыста бола тұра, олар тәртіп сақшыларының қызметіне өз елеулі үлестерін қосуды жалғастыруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ішкі істер органдары жүйесінің дамуына қосқан үлесі, мінсіз қызметі үшін және республика күнін мерекелеуге байланысты министр Ержан Сәденовтің бұйрығымен облыстық ішкі істер органдарының ардагерлері марапатталды.
ІІМ алғыс хатымен Бекболат Абиев, Серік Айғожин, Садриден Балтабаев, Баянсұлу Біржанова, Рамазан Жаналин, Бибігүл Исаева, Адами Ысқақов, Олег Калюжный, Сағатбек Қасенов, Жанқара Мадеев және Анатолий Рубан марапатталды.
– Сіздердің өмір жолдарыңыз, құрметті ардагерлер, біз үшін патриотизмнің, адамгершіліктің және парызға адалдықтың ең жоғарғы өлшемі болып қала береді. Лайықты демалыста бола отырып, сіздер департаменттің қоғамдық өміріне қатысуды жалғастырудасыздар. Белсенді азаматтық ұстанымдарыңызбен үлгі көрсете отырып, тәжірибелеріңізді жас қызметкерлерге бердіңіздер. Осы марапаттарды тапсыра отырып, сіздердің бізге мемлекеттің тұрақтылығын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз етуде одан әрі де көмек көрсететіндеріңізге сенімдімін, – деп марапатталғандарды полиция ведомствосының басшысы Василий Скляр құттықтады.
Айта кету керек, ардагерлердің еңбегі мен қызметі өз уақытында түрлі марапаттарға ие болды. Бірақ, лайықты демалыста бола отырып, ардагерлер ішкі істер органдарының қызметіне өз елеулі үлестерін қосуды жалғастыруда, құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашу, халық арасында құқықтық білімді насихаттау, қоғамда құқықтық тәртіп органдарына оң көзқарасты қалыптастыру жөніндегі жұмысқа қатысады.