ІІМ формасын киген алаяқтар: Павлодарлық полицейлер қауесетті жоққа шығарды

ІІМ формасын киген алаяқтар: Павлодарлық полицейлер қауесетті жоққа шығарды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Халыққа алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту жасалып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарлық көпқабатты үйлердің чаттарында өздерін Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріміз деп таныстырған бір топ адам пәтерлерді аралап жүргені туралы хабарлама тарады.

– Олардың қолында Ішкі істер министрлігінің рәміздерімен құжаттары бар. Алдағы «халық санағы» қарсаңында барлық тұрғындардың куәліктерінің бар-жоғын тексеріп, биометриялық мәліметтерді алу қажеттігін алға тартып отыр. Олар сіздің фотосуретіңізді, саусақ ізіңізді түсіру ниетін білдіреді. Өзімен ноутбук, биометриялық құрылғыны және тұрғындардың тізімін алып жүреді, – делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, осы алаяқтар бланкілерді таратып, жеке ақпаратты жазуға сұрайды.

– Үкімет тарапынан мұндай бастамалар жоқ екенін еске саламыз. Ешқандай биометриялық деректерді бермеуіңізді сұраймыз! Есікті ашпаңыз! Оларды үйге кіргізбеңіз! Олар ұрлық пен алаяқтық жасауы мүмкін! – деп тұрғындарды ескертуде.

Үй тұрғындардан бұл хабарламаны чаттарға жіберу сұралады.

Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі павлодарлықтар арасындағы таралып тұрған осы хатқа жауап берді.

– Бұл фейк. Егер ақпарат бізден таралатын болса, алаяқтықтың бұл түрі бар екенін өзіміз де азаматтарды ескертетін едік, – деп түсіндірді ведомствода.

Естеріңізге сала кетейік, биыл үй тұрғындарының чатына кіру үшін үйлердің кіреберісіне QR коды бар парақшалар ілінген. QR кодпен өту арқылы адамдардың жеке деректері алаяқтарға үшін қолжетімді болар.